Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

14 желтоқсан Екібастұз тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік Күніне орай еңбек ардагерлері мен Павлодар облысы МКҚБ 2 - Полиция батальоны жастарының қатысуымен «Қазақстан жастары - Тәуелсіздік толқынында» диалогты алаңы өткізілді. Іс-шара барысында еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата - бабаларымыздың ерлігі, желтоқсан оқиғасы және құрбандары туралы бейнефильм ұсынылды. Екібастұз қаласының еңбек ардагерлері Қ.Б. Мусин мен С.З. Оразбаев жастарға тәуелсіздік жолында өздерінің еңбек жолдарын айтса, Екібастұз қаласының құрметті азаматы, ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Ж.Б. Қоғабай «Желтоқсан», «Тайғақ мұздағы тайталас» атты өз өлең шумақтарын оқыды. «Балбырауын» күйі Естай атындағы балалар музыка мектебінің ұстаздарымен орындалды.

acb5c3a2 36d5 4932 a55c e804b4c4a9593cd4b7d6 cefe 4ec4 811e a917a2c1efdf70308120 5153 4f2d 9064 6a024753a1ea


ҚР Тәуелсіздігі күніне орай «Бабаларым аңсаған Тәуелсіздік» атты поэзиялық кеші өтті. Тәуелсіздік жолында шейіт болған боздақтарымызға бүгінгі ұрпақ тарапынан тағзым ретінде 1 минут үнсіз еске алды. Кешке Филология ғылымдарының кандидаты, профессор Зейнуллина Айман Файзуллақызы, «Ассамблея жастары» Азербайджан этномәдени орталығының мүшесі Магаррамов Элвин және 66/79 әскери бөлімінің сарбаздары қатысты. М. Әлімбаев атындағы ЖООБ мектебінің оқушысы Райымбек Жәнібек «Тәуелсіздік байрағы» өлеңі оқылып, әндер шырқалды.

WhatsApp Image 2023 12 13 at 16.57.44WhatsApp Image 2023 12 13 at 17.13.20WhatsApp Image 2023 12 13 at 17.13.20 2


8 желтоқсан Екібастұз тарихи-өлкетану музейімен №3 кітапхана-коммуникациялар орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай «Жадымда қалған желтоқсан» тарихи сабағы ұйымдастырылды. Шараға академик Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институт колледжінің ПО-21 тобының студенттері және №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлім  қызметкерлерінің қатысты. «Art Production» өнер мектебінің орындауында Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын» және «Алаш аманаты» күйлері ойналды.

WhatsApp Image 2023 12 08 at 15.22.17 1WhatsApp Image 2023 12 08 at 15.22.43 1WhatsApp Image 2023 12 08 at 15.22.44


Екібастұз тарихи-өлкетану музейінде «Павлодар география үйі» қоғамдық бірлестігінің 10 жылдығына орай ПавГео өкілдерінің қала мектептерінің география пәні мұғалімдері және мектеп оқушыларымен «Тарихта қалған із» кездесуі өтті. Шара қатысушыларына «Павлодар география үйі» қоғамдық бірлестігінің Екібастұз қаласы филиалының басшысы А.И. Супоня бірлестіктің атқаратын қызметі жайлы ақпарат берсе, геологиялық музей жетекшісі, геолог Н.В. Ларина экспедициялар барысында табылған минералдармен таныстырды. География пән мұғалімдері мен оқушылары өздерін қызықтарған сұрақтарына жауап ала алды. Естелік ретінде Э.Д. Соколкиннің Павлодар географиясы бойынша «Хрестоматия» кітабын сыйға тартты.

WhatsApp Image 2023 12 04 at 16.10.00 1WhatsApp Image 2023 12 04 at 16.10.01WhatsApp Image 2023 12 04 at 16.10.09 1


Екібастұз тарихи-өлкетану музейінде ақын Қалижан Бекхожиннің туғанына 110 жыл толуына орай «Поэзия тербетеді жүрегімді, өлсемде өлеңімді айтып өтем» атты еске алу кеші өтті. Шараға еңбек ардагері Серік Боранбаев, ИнЕУ жоғары колледжінің «Бастауыш ілім беру» мамандығының екінші курс студенттері қатысты. Ақын өлеңдері оқылып, өмір мен шығармашылығы жайында бейнефильм көрермен назарына ұсынылды. Ерекше бір атап өтерлігі ақынның көзін көрген қала тұрғыны Амангелді Алғожин ағамыз Қалижан Бекхожиннің 1974 жылы туған өлкесі Баянауыл, Жасыбай, Комсомол совхозына келген кездегі естелігімен бөлісті.

715


Ақын, драматург, аудармашы Қалижан Бекхожиннің 110 жылдығына орай ақын атындағы мектепте музей қызметкерлері "Ақиық ақын Қалижан Бекхожин" атты салтанатты кеш өткізді. Музей қорынан көрме ұйымдастырылып, мектеп оқушылары еске алу кешіне белсене қатысты.

WhatsApp Image 2023 12 01 at 15.37.35 1WhatsApp Image 2023 12 01 at 15.37.31WhatsApp Image 2023 12 01 at 15.37.35


"Музей альманахының №14" электронды журналының кезекті нөмірі жарық көрді. Журнал беттерінде оқырман музейдің бұқаралық-ағарту жұмыстарымен танысады. Ағымдағы іс-шаралардың көрмелері мен көрнекті және талантты адамдары жайлы ақпаратты оқи алады. Журнал музей коллекцияларына, археологиялық олжаларға, өлкенің ежелгі және қазіргі табиғатына ерекше назар аударады. Журналдың толық нөмірін Г.Н. Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің сайтынан көруге болады.

постраничнопостранично6постранично2


Г.Н. Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде мүсінші, ұстаз, Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі Баян Құрманқызы Қайнышеваның «Өнеріммен ұштасқан өмірім» көрмесі ашылды. Қолөнерші балшықпен, гипспен, бетонмен, мүсіндік сазбен жұмыс істейді. Екібастұзда Баян Қайнышева жасаған белгілі қазақ қайраткерлерінің мүсіндері мен бюсттері көп. Олардың ішінде Абай Құнанбаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мұхтар Әуезов ескерткіштері бар. Белгілі бір уақыт аралығында Баян қуыршақтарды, оның ішінде қазақ халық ертегілерінің кейіпкерлерін және т.б. жасаумен айналысты. Шебердің түрлі көркемдік материалдар мен техникаларды қолданып жасаған 60-тан астам туындысы келушілер назарына ұсынылды. Шақырылған қонақтардың ішінде суретшілер, қолөнершілер, студенттер.

WhatsApp Image 2023 11 30 at 15.59.41 3WhatsApp Image 2023 11 30 at 15.59.41 1WhatsApp Image 2023 11 30 at 15.59.41