Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Тұнғыш Президент күніне орай «Ұлт көшбасшысы» атты дәрісі өтті. Ақсу қаласының Жоғары Көпсалалы колледжінің гуманитарлық бөлімінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» 4 курс студенттері қатысты. Дәрісте, қазақ халқының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы, Қазақстан үкіметін басқарғаннан бүгінгі күнге дейінгі ел үшін атқарған еңбегі жайлы ақпарат берілді. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын, халқын сүюге, патриотизмге тәрбиелеу мақсатымыз болды.  Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылып, «Тұңғыш Президент» атты  слайд-презентациялар, бейнероликтер көрсетілді. «Қазақстанның Тұңғыш Президенті» атты кітап көрмесіне, фотоматериалдарға шолу жасалды.  Кеш қорытындысында интерактивті ойын өткзілді, студенттер екі топ болып бөлініп, бәсекелестік сезімі оянып, ойынға өте белсенді қатысты.

лекциялекция 2лекция 3


Ардагерлер кеңесінде «Мудрость» ардагерлер клубының мүшелерімен бірге педагогикалық еңбек ардагері, ақын Зоя Качусованың 80 жылдық мерейтойымен құрмет көрсетілді. Іс-шарада қала әкімі Жанат Шугаевтың алғы сөзімен және қаланың дамытуына үлес қосқаны «Ақсуға 60 жыл» мерейтойлық төсбелгісімен қала әкімінің орынбасары Марина Гайдаренко сөз сөйледі. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Залмукан Арынов өз кезегінде З. Качусоваға «Мудрость» клубында белсенді қоғамдық жұмысы үшін алғыс айтып, «Аксу. Лица истории» атты өмірбаяндық сөздікті табыс етсе, «Мудрость» ардагерлер клубының мүшелері өз концерттық бағдарламасың ұсынды,  сондай-ақ музей қорынан З.Качусованың фотосуреттерен «Өлеңдегі сурет» көрмесі ұйымдастырылды.

IMG 20211111 WA0155IMG 20211111 WA0150IMG 20211111 WA0152


Қазақстан Тәуелсіздігінің 30жылдығының арналған  Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи – өлкетану музей қорынан «Тамыры терең туған жер» көрменің ашылуы Абайдың «Жидебай - Бөрілі» мемлекеттік тарихи – мәдени және әдеби – мемориалдық қорық – музейіңде өтті.

Көрменің  мазмұны келесі бөлімдерден тұрады:

1. Өлкенің ежелгі тарихы: палеонтология, археология.

2. Ертістің  Павлодар өңірінің материалдық және рухани мәдениеті: халық қолөнері мен кәсібі, сәндік – қолданбалы өнер, зергерлік өнер.

3. Павлодар қаласының тарихы.

4. Ертістің  Павлодар өңірінің материалдық және рухани мәдениеті: халық қолөнері мен кәсібі, сәндік – қолданбалы өнер, зергерлік өнер.

5. Павлодар  өңірінің белгілі тұлғалары. (Өлкеміздің ғылым, мәдениет, әдебиет және өнер саласындағы белгілі қайраткерлері).

Көрменің ашылуына өлкенің танымал адамдары,студенттер қатысты.

5437adfd 8c8c 49b4 9c21 d8b5b7574584e597c317 52ec 4a5f a4af 678fb0a38eb315718386 196e 4652 84ca 7f841fa361d6


Д.П. Бағаевтың Мемориалдық музей-үйінде Тұңғыш Президент күніне орай «Елін сүйген, ел сүйген Елбасы» атты фотокөрменің ашылуы өтті.    Фотокөрмеде Н.Ә. Назарбаевтың өмірбаяны мен қызметінің шежіресі: металлург, қоғам және партия көшбасшысының саяси көшбасшыға дейінгі жолы, сонымен қатар егемен Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері, экономикалық және халықаралық аренадағы саяси жетістіктері мен Тәуелсіз еліміздің дамуына сіңірген еңбегі мен үлесі ұсынылған.

Музей қорынан келушілердің назарына кәсіби фотографтар Бугаев Владимир Николаевич, Бугаев Валерий Николаевич, Пархоменко Александр Васильевичтің жұмыстары ұсынылды.

691d8db1 c873 4233 bc8b 1696db0397626ad68f40 fc0e 4d28 ad40 f31254e113e846dc7009 0e1b 4381 b3b5 b26d514ada1d


"Ertis" музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы шеңберінде «Шеберлікке шек жоқ» дәстүрлі ерлер қолөнерінің облыстық  фестивалі өтті.

Фестиваль дәстүрлер қолөнерін танымал етуге, қазақ халқының қолөнер дәстүрлерін сақтауға және дамытуға,  өнердегі қолданбалы қызықты эксперименттік формаларды анықтауға бағытталған.

Павлодар облысының үздік қолөнершілері фестивальге қатысты, қалың көрерменге бірегей қолөнер бұйымдарын ұсынды.

Фестиваль аясында қолөнершілер мен қолданбалы өнер шеберлері туындыларының көрме-жәрмеңкесі, атақты шеберлердің музыкалық аспаптар жасау, ағаш ою, көркем өңдеу бойынша шеберлік сабақтары өтті.

IMG 1152IMG 1371IMG 1135


2021 жылдың 22 қазанында сағат 10.00 - де «Ertis»  музейінде  ҚР Тәуелсіздігінің   30 жылдығына орай «Менің туған өлкем» тақырыбында облыс  өлкетанушылары  форумы ұйымдастырылды.

Форумда өлкетанушылардың ғылыми - насихат және мәдени - ағарту жұмысы мен Павлодар өңірінің өлкетану саласындағы ғылыми зерттеу, зерделеу мәселелері қарастырылды. Форумның жұмысы келесі бағытта жүргізілді: Өлкетанушыларды бірлестіру: тарихи, географиялық, әдеби және т.б., Павлодар Ертіс өңірінде өлкетану жұмысын насихаттау, Павлодар облысының тарихы мен мәдениетін сақтауда музейлердің, ғылыми және білім беру мекемелерінің, қоғамдық ұйымдардың рөлі.

Форумға өлкетанушылар, ғалымдар, тарихи - мәдени және ағарту мекемелерінің өкілдері,  қоғам қайраткерлері, музейтанушылар шақырылды.

246958841 2960281390952489 2934480394399432123 n247313409 2960281467619148 1341110926903286395 n247021124 2960281624285799 1189490955460536522 n


Бүгін «Ertis» музейінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Теміртау қ. Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы және Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі қорынан «Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры» көрменің салтанатты ашылуы өтті.

Көрмеде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы рөлін көрсететін фотоматериалдар, әр жылдары шет мемлекеттердің басшылары, ресми өкілдері мен делегацияларының Елбасына ұсынған сыйлықтары, Н.Ә.Назарбаевтың жеке заттары - пальто, тенниске арналған спорттық киім ұсынылған.

Сонымен қатар, көрме Қарағанды облысы және жалпы Қазақстан Республикасының тарихында жарқын із қалдырған тұлғаларымен, Қарағанды ​​облысының қиелі жерлерінің объектілерімен, қола дәуірі, ерте темір және орта ғасырдың археологиялық музей артефактілерімен таныстырады. Келушілер сәндік -қолданбалы өнер коллекциясымен: тұрмыстық заттармен, зергерлік бұйымдармен және қазақ халқының өмірін көрсететін басқа да экспонаттармен, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың дамуы, Қарағанды ​​облысының тәуелсіздік жылдарындағы мәдени және спорттық жетістіктері туралы материалдармен танысады.

c0737c20 5dac 43d6 95cb a90cb57184bde3358ba6 1439 4bf6 ae2f 8430cd70e9cd41645a8b 5c47 4d52 906a ff32a63f5aac


WhatsApp Image 2021 10 09 at 08.44.579-10 қазанында Г.Н. Потанин атындағы Павлодар  облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Нұр-сұлтан қаласындағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне қатысты. Музей "Қоянды жәрмеңкесі" театрландырылған көрмесін ұсынды. XIX-XX ғғ.

Подробнее...