- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Көшпелі халықтардың Ұмытылған ұлттық тағамдары қайта жандануда. Бұл жерде біздің музейде ұлттық тағам жасап үйрену туралы шеберлік сабағы өтті. Шеберлік сабағына Қазына апайымыз «Жау жүрек», «Әсіп» тағамдарын дайындап көрсетті. Келген студенттер тағылымы мол тәрбиелік маңызы бар тағамдардың жасалу жолдарын үйренді.
Алпысбаева Қазынагүл «Кәусар» әжелер ансамблінің жетекшісі, «Шабыт» мәнерлеп оқу үйірмесінің және «Алтын оймақ» қолөнер үйірмесінің жетекшісі. Он саусағынан өнер тамған Қазынагүл апамыз «Кәусар» әжелер ансамблінде ән салып, ұмытылып бара жатқан қазақтың ұлттық тағамдарын ұлықтау, насихаттау мақсатында тынбай жұмыстар атқарып келеді.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Ұлыстың Ұлы мерекесіне орай «Сырлы аяқтың сыны кетпес» Қазақтың ұлттық қолданбалы ыдыстарының көрмесі өтті. Көшпенділер ұғымында ыдыс-аяқ ретінде молшылық-тоқшылық, ырыс берекенің көзі деп есептелген. Біздің музейде ғасыр бұрын жасалған табақтар мен астаулар сақталған. Төрт түлігін тірлігінің арқауы еткен ата-бабаларымыз оның сүті мен етінен тартып, тері-тарамысына дейін кәдеге жаратқан. Соңғы кездері халқымыздың ұлттық құндылықтарға қайта бой бұра бастағаны байқалады. Әр шаңырақта дархан көңілмен жайылған дастархандарда әдемі нақышталған астаулар мен табақтарды, тостағандарды жиі көзіміз шалып жүр. «Сырлы аяқтың сыры кетпес» де сыны кетпес-деген осы болар. «Ұлысты ұйыстарған Әз Наурыз» атт қалалық кітапхана көрмесі ұйымдастырылып, ән айтылып, Наурыз батасы берілді.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Халықаралық экскурсия жүргізуші күнінде, экскурсия жұмысына арналған қызықты әрі танымды мастер класс өтті. Іс-шарада кәсіби экскурсия жүргізушісі Аргинова Сәуле Идырысқызы сөз сөйледі. Дәріскер аудиторияға экскурсия жүргізудің негіздерін, оны өткізудің әдістері мен нысандарын, сондай-ақ қаладағы экскурсоводтық істің қыр-сырын айтып, Павлодар облысының туристік мүмкіндіктері турлы айтты.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Музейде Шәкен Аймановтың туған күніне орай «Қазақ киносының саңылығы» атты тақырыптық кеш өтті. Онда көрнекті актер және режиссердің шығармашылығының жанкүйерлері жиналды. Көрермендер алдында Harizma театр студиясының жетекшісі және режиссері Кешкембаева Салия, сондай-ақ Ж. Аймауытов атындағы қазақ драма театрының белгілі актері Шәнім Бейбіт сөз сөйледі, ол Шәкен Аймановтың ең жарқын өміріндегі беттері туралы әңгімеледі. Іс-шара қонақтарын "Тақиялы періште", "Біздің сүйікті дәрігер", "Алдар көсе" фильмдерінің үзінділері ерекше қуанышқа бөледі. Теңдесі жоқ актердің сүйікті ән жолдар шырқалды.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
2023 жылдың 2 ақпанында музейде №15 және №8 мектеп оқушыларына арналған "Тарихты сақтаушы - экспонаттар" атты өлкетану сабақтары өтті. Іс-шарада музей қызметкерлері экспонаттардың маңыздылығы мен құндылығы туралы айтып берді. Осы музей заттарының арқасында әрбір келуші біздің ата-бабаларымыздың қалай өмір сүргенін өз көзімен көре алады, оларды не қызықтырғанын түсінеді және жалпы көптеген қызықты нәрселерді біле алады.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Музей қабырғасында Қазақ КСР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Сейсенбеков Балтабай Бекжанұлының 95 жылдығына арналған «Ұрпақтар байланысы» атты естелік кеш өтті.
Еске алу кешінде қоғам қайраткерлері, еңбек ардагерлері, Балтабай Бекжанұлының туыстары мен жақындары, ЖОО студенттері жиналды. Іс-шара барысында жұмыс қызметінің фотосуреттерімен, сондай-ақ оның жеке заттарымен танысты.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Павлодар облысының 85 жылдығына арналған 2023 жылдың 13 қаңтарында «Ertis» музейінде «Киелі жерім-қасиетті елім!» атты Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі қорының фотосуреттері мен экспонаттарынан негізделген көрме ашылды. Д.П. Багаев, В.Н. Бугаев, В.Н. Бугаев және А.В. Пархоменконың тарихи фотосуреттерінде өңіріміздің шежіресі көрсетілген. Көрменің салтанатты ашылуында Павлодар облысының Құрметті азаматы, еңбек ардагері Қ.Н. Шәкәрімов, Павлодар география үйінің директоры А.А. Вервекин, сондай-ақ еңбек ардагері С. Маусымбаев сөз сөйледі. Көрменің ашылуына тарихшылар, өлкетанушылар, «Замандас» ардагерлер клубы, ИнЕУ студенттері, №39 ЖОМ оқушылары, музей қызметкерлері мен қала тұрғындары, БАҚ қатысты. Келушілерге көрме және экспозиция бойынша экскурсия өткізілді.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Майра Шамсутдинова атындағы ән-өнер шығармашылығы музейінде ұлтымыздың жыр мен ән киесінің қадірін жете білген ақын, композитор, әнші Майраның шығармашылығына ерекше ден қойып, жете зерттеп, халыққа кеңінен насихаттап жүрген әнші, композитор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Гүлмира Саринамен «Майраның ән мұрасы» атты кездесу кеші өтті.
Қазақтың қасиетті қара домбырасы күмбірімен жараса өрілген халқымыздың дәстүрлі ән мұрасы әсем де күрделі иірімімен, даладай кең диапазонымен, ұлттық сипатымен ерекшеленеді десек, бүгінде сол дәстүрді әуендік, орындаушылық тұрғыдан жаңғыртып, ән мәдениетінің үздік үлгісіне айналдыра білген тұлғалар некен-саяқ. Соның бірі де бірегейі – Арқа дәстүрлі ән мектебінің өкілі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық өнер университетінің ұстазы, әнші-термеші әрі сазгер Гүлмира Айымғазықызы Сарина шәкірті Кәмшат Төребековамен Майра музейіне арнайы келіп, болашақта жарыққа шығатын Майраның әндер жинағы жайында ойымен бөлісті.