Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді.Тәуелсіздік тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ халқының өкілдері үшін де маңызы зор мереке.

Бүгін  «Ertis» музейінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Қазақстан тәуелсіздік жолы» дөңгелек үстелі, сондай - ақ «Бәйтерек» зияткерлік квест-ойыны өтті.

Шақырылған қонақтар - тарих ғылымдарының кандидаты, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің оқытушысы Күзембаев Нұркен Ерболұлы, ғалымдар, тарихшылар,  Б. Ахметов атындағы Педагогикалық колледж студенттері , Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері, Мемлекеттік қызметшілер мен БАҚ.

Зияткерлік квест-ойынға қатысушылар арасында: Ақсу қаласының №8 ЖОББМ оқушылары.  Мектеп оқушылары өз білімдерін, ақылдылықтарын тамаша көрсетіп,  алғыс хатпен марапатталды.

сж5 сж1 сж