Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Құрметті оқырмандар! Сіздерге арналған журналдың жаңа нөмірі шығарылды. Біз үшін биылғы жыл іс-шараларға, экскурсияларға, дәрістерге, сондай-ақ экспедицияларға өте бай жыл болды. Музей ашылғаннан бастап қызметкерлер Павлодар өңірі бойынша экспедициялар ұйымдастырды. Оның барысында музей жаңа экспонаттармен ғана емес, сонымен қатар жаңа таныстармен, сондай-ақ табиғаттың керемет көріністерімен фотосуреттермен толықтырылады.

Биылғы жылдың ең маңызды оқиғасы "Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын зерттеу мен сақтаудағы музейлердің рөлі" атты халықаралық конференция болды. Жыл бойын жоспарлап, оған 120 қатысушы қатысыты, олардың арасында тарихшылар, археологтар, өлкетанушылар және бүкіл Қазақстан мен Ресейдің көптеген қоғам қайраткерлері болды. Бір үстелге жиналғандар музей саласындағы көптеген проблемалық мәселелерді талқылады, археологиядағы жұмыс әдістерімен, сондай-ақ археологиялық артефактілерді сақтау тәсілдерімен бөлісті. Біздің музейдін 80 жылдығына орай оның көптеген қызметкерлері атақтар мен марапаттарға ие болды.

1959 жылы музей ғалым, географ, этнограф, саяхатшы Григорий Потаниннің есімі берілді. Оның күш-жігерінің арқасында қазақ халқының өмірі мен өмір салты туралы көпдеген материалдар жиналды және ұмыт болған ертегілер мен аңыздар сақталып қалды. Бүгінгі күнделікті өмірде қарапайым болып көрінетін нәрсе бұрын таңқаларлық және құнды нәрсе болған, қатаң құпияда сақталған.

Біздің қала тұрғынларына арналған музейдің бірегей экспонаттарымен таныстыру үшін "Бенефис музейных раритетов" көрмесі ұйымдастырылды, онда өте маңызды көне заттар ұсынылды. Музейіның жаңа жобалары әрқашан біздің келушілеріміздің қызығушылығын тудырады. Олар туған өлкенің тарихы және көрнекті адамдарымен сіздерді таныстыруға арналған. Бүгінгі таңда қолөнершілер мен суретшілер жасаған заттар өнер нысаны болып саналады, ал кейің мұражай экспонаттарына айналады.

Альманах 12сжАльманах 123Альманах 124