Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Жылдың ең ірі және маңызды оқиғасы облыстық Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің 80 жылдығына арналған "Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын зерттеу мен сақтаудағы музейлердін рөлі" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция болды.

Конференция жұмысына тарихшылар, өлкетанушылар, қоғам қайраткерлері мен музей қызметкерлері қатысты. Қатысушылар Астана, Алматы, Атырау, Петропавл, Көкшетау, Семей, Қарағанды, Өскемен сияқты Қазақстанның түрлі қалаларынан және көрші Омбы қаласынан арнайы қонақтар келді. Конференция бір күннің ішінде өтті және ол Г. Потанин мен Ш. Уәлиханов ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды.  Конференцияның пленарлық отырысы Достық үйінде өтті. Оның фойесінде "Музей хронографы" фотокөрмесі ұсынылды. Көрмеге музей тарихындағы, оның жетістіктері мен қазіргі өміріндегі маңызды кезеңдердің құрылғанын куәландыратын жұмыстар кірді. Сондай-ақ, экспозицияны музейге танымал тұлғалардың фотосуреттері мен жарқын қызықты іс-шаралардың кадрлары толықтырды.

Пленарлық отырыста "Павлодар – музейлер қаласы" фильмінің көрсетілімі өтті. Павлодар облысы әкімінің орынбасары А.А. Құрманова құттықтау сөз сөйледі.  Шара соныңда Музей қызметкерлері Құрмет грамоталарымен және "Мәдениет саласының үздігі" белгісімен марапатталды.

WhatsApp Image 2022 11 23 at 16.44.21 2WhatsApp Image 2022 11 23 at 16.44.22 3WhatsApp Image 2022 11 23 at 16.44.21 1