Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Мамандарды сапалы даярлау жоғары педагогикалық оқу орныдарында жүзеге асырылатынын бәрі біледі. Осыған байланысты ҚР ұлттық жоғары білім беру жүйесін дамытуға, оның мазмұны мен сапасын кешенді жаңғыртуға, озық инновациялық технологияларды енгізуге белгілі педагог, көрнекті ғалым , қоғам қайраткері, профессор Тасболат Қасенұлы Шаяхметов үлкен үлес қосты. Т. Шаяхметов бүкіл өмірін білім беру саласына арнады.

Биыл ғалым, физика-математика ғылымдарының профессоры Т. Шаяхметовтың  туғанына 85 жыл. Аталмыш іс-шараға байланысты  Ақсу тарихи-өлкетану мұражайында  Т. Шаяхметовтың «Өмірі және ғылыми қызметі» атты ақпараттық сағат өткізілді.

Шараға қаламыздың номері 1 ЖББМ-нің 6- сынып оқушылары қатысты. Шара барысында Т.Шаяхметов туралы  слайд арқылы  өмірі және ғылыми қызметтері, еңбек жолдарымен таныс болды  және бейнебаян көрсетілді. Сондай-ақ , Т.Шаяхметов жайлы жазылған кітаптар мен  газеттер көрмесі   қатысушылардың назарына ұсынылды.

IMG 20221108 WA0014IMG 20221108 WA0019IMG 20221108 WA0022