Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

2022 жылдың қазан айының 13 күні сағат 12.00-де Қазақстан Республикасы  ұлттық мерекесі күніне орай және Г.Н. Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің құрылғанына 80 жыл толуына байланысты Павлодар өңірінде тұңғыш рет  Алматы қаласы,  Ықылас атындағы Халық музыка аспаптарының музей қорынан тарихи-өлкетану музейінің көрме залында «Көне аспаптар күмбірі» атты  жылжымалы көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

Көрмеде Махамбет батырдың, Ақан сері, Біржан сал бабаларымыздың ұстаған домбыраларының түпнұсқасын, сондай-ақ әйгілі жерлесіміз Қамар Қасымовтың жасаған аспаптарын тамашалай аласыздар.

1WhatsApp Image 2022 10 13 at 17.09.11 7WhatsApp Image 2022 10 13 at 17.09.11