Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Қазақтың қоғам және саяси қайраткері, «Алаш» партиясының мүшесі, ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жыл толуына орай «Ұлт ұстазы» атты еске алу кеші өтті.

2022 жылғы 5 қыркүйекте Екібастұз тарихи-өлкетану музейдің ұйымдастыруымен қазақтың қоғам және саяси қайраткері, «Алаш» партиясының мүшесі, ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына орай «Ұлт ұстазы» атты еске алу кешіне № 10 ЖОББМ 7 «Б» сынып оқушылары қатысып, назарына ақын, әдебиеттанушы, ғалым-лингвист, түркітанушы, аудармашы, педагог Ахмет Байтұрсынов жайлы слайд ұсынылды. А.Байтұрсыновтың өмірі баяндалған «Қазақ даласының ұлы адамдары» деректі фильмі және «Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми және әдеби шығармашылығы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шара қонақтары тұрғысында қазақ тілі және қазақ әдебиеттің мұғалімдері Масалимова С. Ш. және Кунанбаева М.К. шақырылды.

WhatsApp Image 2022 09 06 at 11.29.45WhatsApp Image 2022 09 06 at 11.29.46