Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

26 тамызда «ERTIS» музейінде Павлодар Ертіс өңірінің өлкетанушыларының қатысуымен ҚР Конституциясы күніне арналған «Өlke. kz» диалог алаңы ұйымдастырылды.

Кездесуде  Едігеұлы Торайғыр бидің 250 жылдығына (1772-1825) және Қазанғапұлы Бердалы бидің 220 жылдығына (1802-1842) арналған Баянауыл ауданы, Ерейментау ауданы, Ақсу қаласы Жолқұдық ауылындағы қасиетті орындар бойынша өлкетану және этнографиялық экспедицияның қорытындысы шығарылды және экпедицияның деректі фильмінің тұсаукесері болды.

Кездесуге, Торайғыров Университеті мен Павлодар педагогикалық Университетінің тарих кафедраларының ғалымдары мен оқытушыларымен диалог форматында экпедиция қорытындысы шығарылып, ғылыми зерттеу барысында алынған теориялық және практикалық деректер талқыланды.

WhatsApp Image 2022 08 26 at 17.11.58WhatsApp Image 2022 08 26 at 17.11.58 1WhatsApp Image 2022 08 26 at 17.12.00 1