Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

2022 жылдың 12 - 14 шілде айы аралығында Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде Едігеұлы Торайғыр бидің 250 жылдығына (1772-1825) және Қазанғапұлы Бердалы бидің 220 жылдығына (1802-1842) арналған сакралдық орындар бойынша өлкетану және этнографиялық экспедиция ұйымдастырылды.

2022 жылдың 12 - 14 шілде аралығында белгілі тарихшылар мен өлкетанушылар Баянауыл ауданының Торайғыр ауылына, Ерейментау ауданына, Ақсу қаласы Жолқұдық ауылына өлкетану және этнографиялық экспедициялар өткізуді жоспарлап өткізілді.

Экспедицияның басты міндеті - Ертістің Павлодар өңірі тарихының ұмытылған беттерін ашу, облыстың тарихи, этнографиялық және киелі нысандарын көпшілікке танату. Жергілікті жерді ғылыми зерттеу кезінде алынған теориялық және практикалық мәліметтерді кеңейту және тереңдету, сондай ақ БАҚ арқылы Павлодар Ертіс өңірінің тұрғындарымен насихат жұмыстарын жүргізу.

Экспедиция құрамына Павлодар Ертіс өңірінің белгілі тарихшылары мен өлкетанушылары кірді.

WhatsApp Image 2022 08 22 at 16.56.16WhatsApp Image 2022 08 22 at 16.56.16 1WhatsApp Image 2022 08 22 at 16.56.17