Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

2022 жылғы 22 маусымда сағат 10 Г.Н.Потанин атындағы Павлодар Облыстық тарири-өлкетату музейі КМҚК мәжіліс залында Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы өкілдерімен бірлесіп «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында семинар өткізілді.

Музей қызметкерлерінің алдында «Әбел жолы» Республикалық қоғамдық

бірлестігінің Павлодар облыстық филиалының басшысы Қайырденова Нұргүл Әментайқызы баяндамам жасады.Баяндама екі тілде өткізілді:қазақ және орыс.

Н.А. Қайырденова өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы баяндаманың негізгі ережелерін және Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №15 Жарлығымен бектілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларын түсіндірді.Квазимемлекеттік сектор субьектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау бойынша әдістемелік ұсынымдарды түсіндіруге ерекше назар аударылды.

Музей басшысы өз баяндамасы аясында кәсіпорын сыбайлас жемқорлықтын алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру және құқықтық сананы арттыру  бойынша пәрменді шаралар қабылдап жатқанын музей қызметкерлері сыбайлас жемқорлықтын алдын алуға ықпал ету, содай-ақ оның алдын алу  бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуі тиіс екенін атап өтті.

WhatsApp Image 2022 06 22 at 13.10.54WhatsApp Image 2022 06 22 at 13.10.54 1WhatsApp Image 2022 06 22 at 13.10.55