Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Тұнғыш Президент күніне орай «Ұлт көшбасшысы» атты дәрісі өтті. Ақсу қаласының Жоғары Көпсалалы колледжінің гуманитарлық бөлімінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» 4 курс студенттері қатысты. Дәрісте, қазақ халқының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы, Қазақстан үкіметін басқарғаннан бүгінгі күнге дейінгі ел үшін атқарған еңбегі жайлы ақпарат берілді. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын, халқын сүюге, патриотизмге тәрбиелеу мақсатымыз болды.  Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылып, «Тұңғыш Президент» атты  слайд-презентациялар, бейнероликтер көрсетілді. «Қазақстанның Тұңғыш Президенті» атты кітап көрмесіне, фотоматериалдарға шолу жасалды.  Кеш қорытындысында интерактивті ойын өткзілді, студенттер екі топ болып бөлініп, бәсекелестік сезімі оянып, ойынға өте белсенді қатысты.

лекциялекция 2лекция 3