Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

"Ertis" музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы шеңберінде «Шеберлікке шек жоқ» дәстүрлі ерлер қолөнерінің облыстық  фестивалі өтті.

Фестиваль дәстүрлер қолөнерін танымал етуге, қазақ халқының қолөнер дәстүрлерін сақтауға және дамытуға,  өнердегі қолданбалы қызықты эксперименттік формаларды анықтауға бағытталған.

Павлодар облысының үздік қолөнершілері фестивальге қатысты, қалың көрерменге бірегей қолөнер бұйымдарын ұсынды.

Фестиваль аясында қолөнершілер мен қолданбалы өнер шеберлері туындыларының көрме-жәрмеңкесі, атақты шеберлердің музыкалық аспаптар жасау, ағаш ою, көркем өңдеу бойынша шеберлік сабақтары өтті.

IMG 1152IMG 1371IMG 1135