Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Бүгін «Ertis» музейінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Теміртау қ. Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы және Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі қорынан «Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры» көрменің салтанатты ашылуы өтті.

Көрмеде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы рөлін көрсететін фотоматериалдар, әр жылдары шет мемлекеттердің басшылары, ресми өкілдері мен делегацияларының Елбасына ұсынған сыйлықтары, Н.Ә.Назарбаевтың жеке заттары - пальто, тенниске арналған спорттық киім ұсынылған.

Сонымен қатар, көрме Қарағанды облысы және жалпы Қазақстан Республикасының тарихында жарқын із қалдырған тұлғаларымен, Қарағанды ​​облысының қиелі жерлерінің объектілерімен, қола дәуірі, ерте темір және орта ғасырдың археологиялық музей артефактілерімен таныстырады. Келушілер сәндік -қолданбалы өнер коллекциясымен: тұрмыстық заттармен, зергерлік бұйымдармен және қазақ халқының өмірін көрсететін басқа да экспонаттармен, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың дамуы, Қарағанды ​​облысының тәуелсіздік жылдарындағы мәдени және спорттық жетістіктері туралы материалдармен танысады.

c0737c20 5dac 43d6 95cb a90cb57184bde3358ba6 1439 4bf6 ae2f 8430cd70e9cd41645a8b 5c47 4d52 906a ff32a63f5aac