Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

2019 жыл 21 қыркүйек күні Сәбит Дөнентаев атындағы мәдениет сарайының фойесінде "Рисуй, во что бы то не стало..." атты суретшілер көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрмеде Имакаева Рахиманың, Новоченко Татьянаның, Чернова Татьянаның, Полякова Валентинаның және Скворцова Натальяның жұмастары келушілерге паш етілді. Сондай-ақ, көрменің ашылу салтанатына мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің атынан А.Г. Темирова, өнер мектебінің директоры Ж.С. Калиева, Павлодар қаласы суретшілер одағының мүшесі Е.К. Тақырбеков, Ақсу өнірінің суретшілері Т.М. Тишакова мен У.К. Мұхамеддиев және жазушы Г.И. Калюга қатысты. Аталған шарада "Крыницы" этно-мәдени бірлестігі мен қобызшы А.Ж. Нұртазина өнерлерін паш етті, ал көрменің ұйымдастырушысы Рахима Имакаева іс-шара соңында өзінің авторлық туындысын музейге тарту етті. Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары мен қонақтары аталған көрмені 21 қыркүйек пен 20 қазан аралығында тамашалай аласыздар.


1 сентября 2019 года в фойе Дворца культуры им. С. Донентаева с организацией Аксуского историко-краеведческого музея состоялось открытие выставки картин "Рисуй, во что бы то не стало..." посвященное дню города Аксу. На выставке представлены работы Имакаевой Рахимы, Новоченко Татьяны, Черновой Татьяны, Поляковой Валентины и Скворцовой Натальи. Картины выполнены в разных жанрах: это и пейзаж, и натюрморт, и сказочные сюжеты. На открытие в качестве гостей были приглашены: представитель отдела культуры города Аксу Темирова А.Г., директор школы искусств Калиева Ж.С., член Союза художников города Павлодара Такырбеков Е.К., художники города Тишакова Т.М. и Мухамеддиев У.К., поэтесса Калюга Г.И., так же с творческим номером выступили коллектив этно-культурного объединения "Крыницы" и Нуртазина А.Ж. исполнила кюй на кобызе. В завершение мероприятия художница Имакаева Рахима подарила музею свою авторскую картину. Всех желающих приглашаем посетить данную выставку с 21 сентября по 20 октября 2019 года.

IMG 20190921 WA0055IMG 20190921 WA0015IMG 20190921 WA0024