Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

IMG 4520«Рухани жаңғыру» бағдаралма аясында өткізілетін «Есіміңді тарихта қалдыр» атты акция арқылы музей қоры жаңа экспонаттардың топтамасымен толықтырылды. Табиғат, палеонтология және археология бөлім қызметкерлері А.Ткаченко мен Н.Шомина Қарағанды қаласынан 60 жуық экспонаттар әкелді. Музейге көп жылдар жинаған топтаманы сыйға тартқан Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Сәдірова Мәриям Қамзеқызы. Мәриям Қамзеқызы – биылғы жылы 90 жылдығы аталған атақты жерлесіміз, ақын және драматург Аманжол Шәмкеновтың апасы. Тапсырылған заттар, өз орнын экспозицияда табады. Мысалы, балықтар тұлпасы - табиғат залында, ал тас диірмен –этнография залында, А.Шәмкеновтың шапаны – жаңа тарих залында орнастырылады. М.Қ.Сәдіроваға қосқан үлесі үшін алғысымызды білдіреміз. тапсырылған заттар өзінің құрметті орнын музейімізде табады.

 

 

IMG 4515 

IMG 4517

IMG 4527 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IMG 4516