Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

2 1

Б.д.д. VIII ғасырдың аяғы– VII ғасырдың басында жаңа дәуір – ерте темір ғасыр басталады. Тасмола шатқалындағы жерлеудің атауымен аталған тасмола мәдениеті осы кезеңді сипаттайды.

Ертістің Павлодар өңірінің ерте темір ғасыры көшпелілердің тасмола археологиялық мәдениетімен байланысты. Мыстан жасалған қазан, хайуанаттар стилінде әшекейленген қола мен алтыннан жасалған заттар ең құнды да қызықты экспонаттар болып табылады. Қару – жарақ түрлері ұзын металл семсер, қанжар және жебе ұштары арқылы көрсетілген. 

Б.д.д. VI ғасырдың ортасынан бастап түркі, түргеш, қарлұқ ертефеодалдық мемлекеттер құрылып дамуы басталады. Түркі дәуірі салттық құрылғылар мен көне зираттардың маңында орналасқан мүсіндермен сипатталады. Мүсіндердің беттері шығыс бағытына қаратылып қойылған. Мүсіндердің пайда болу және мағынасы жөнінде 2 көзқарас бар.Бір жағынан, ол жауларының бейнелері, екінші жағынан – тас мүсіндер түркілерге орнатылған ескерткіштер.  

IMG 6619IMG 6621