Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

2024 жылдың 13 наурызында Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің Ертіс музейі бөлімшесінде, «Наурыз» мейрамы аясында бабалармыздан қалған мұраларамызды одан әрі түрлендіру және әдет-ғұрпымызды насихаттау мақсатында «Ұршық FEST» облыстық қолөнершілерінің байқауы өтті. Бұл байқауға облысымыздың Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары мен Баянауыл, Май, Аққулы және Шарбақты аудандарының ең таңдаулы ұршық иіру шеберлері қатысты. Осы байқау барысында Музейдің көрме залында байқауға қатысушылардың қолөнер туындыларынан көрме-жәрмеңке ұйымдастырылды. Байқау нәтижесінде қатысушылар алғыс хаттармен, жеңімпаздар ақшалай жүлдемен марапатталды.

IMG 2371IMG 2794IMG 2414


«Ertis» музейінің көрме залында Александр Васильевич Пархоменконың «Казахстан. Земля и люди» атты жеке фотокөрменің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шара барысында көрме авторына көптеген жылы сөздер айтылды. Фотографтың жұмысы әріптестерінің, достарының, таныстарының және қонақтарының ерекше таңданысын тудырды. Александр Пархоменконың еңбектері Қазақстанның салт-дәстүрлері, мерекелері мен күнделікті өмірі туралы баяндайды. Сүйікті қаланың сұлулығы панорамалық суреттер арқылы жеткізіледі. Олардың ішінде түнгі Павлодардың фантастикалық бейнелері ерекше көзге түседі. Авторға жақын Павлодар Ертіс өңірінің пейзаждары және табиғат тақырыбы.

photo 5447246342675093706 wphoto 5447246342675093707 wphoto 5447246342675093713 w


Д.П. Багаевтың музей - үйінде Халықаралық әйелдер күніне арналған «Мир глазами женщины» фотокөрмесі ашылды. Көрмеде Татьяна Берендеева, Татьяна Алексенко, Катерина Фридлина, Марина Терещенко, Айгуль Тулегенова, Юлия Гирько және Екатерина Завсигалова фотограф - әйелдердің фотожұмыстары қойылды.Көрме 2024 жылдың 27 наурызына дейін жалғасады.

WhatsApp Image 2024 03 14 at 12.42.02WhatsApp Image 2024 03 14 at 12.42.03 2WhatsApp Image 2024 03 14 at 12.42.03


Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі Халықаралық әйелдер күні қарсаңында сүйкімді ханымдарға арналған "Көктемгі букет" тақырыптық кешін өткізді. Кеш қонақтары өз мақсатына табандылықпен ұмтылып, өмірде өз кәсібін тапқан әйелдер болды. Олар тарихқа, археологияға, мәдениетке, өнерге жақын өз ісінің нағыз майталмандары. Кеш барысында музей туралы өз ойларымен бөлісті. Әсем әндер де шырқалды.

WhatsApp Image 2024 03 06 at 16.58.24WhatsApp Image 2024 03 06 at 16.52.45WhatsApp Image 2024 03 06 at 16.52.47




Киелі Баянауыл елінің С. Торайғыров атындағы мәдени-сауық орталығында «Ұлыларды ұлықта» атты көрменің салтанатты ашылуы өтті. Ашылуына аудан әкімінің орынбасары мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Мәдениет үйінің сахнасында баянауылдық мерейтой иелернің шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеші жалғасын тапты. Кеште әрбір тұлға жайында жеке-жеке насихатталып, орындаған әндері шырқалды. Кешке ауылдық, аудандық мектептердің оқушылармен жергілікті тұрғындар қатысып, кештің мағаналы да, маңызды өткені үшін алғыстарын білдірді.

WhatsApp Image 2024 03 01 at 09.34.50WhatsApp Image 2024 03 01 at 09.34.34WhatsApp Image 2024 03 01 at 09.34.47


Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі 1 наурызбен 8 Наурыз аралығында көктемгі әйелдер мерекесіне арналған "Киелі кимешек" көрмесінің тұсаукесері өтті. Көрмеде алғаш рет музей қорынан бірегей экспонаттар ұсынылды. Өмір бойы өзгеретін әйелдің әлеуметтік мәртебесі киімде, атап айтқанда бас киімді ерекше қастерлеген. Тақия, бөрік, сәукеле, қасаба, кимешек, жаулық бір-бірін алмастырып отырған. Экспонаттардың арасында түрлі-түсті және көне стильдегі кимешектер бар. Сондай-ақ облысымызға танымал әйелдердің кимешектері: емші Үміт апа, әйелдер Лигасының ұйымдастырушысы Қожахметова Зара Қабдешқызы, халық шебері Сартымбетова Қымбат және т.б. аналардың кимешектері қойылды.

WhatsApp Image 2024 03 14 at 10.56.30WhatsApp Image 2024 03 14 at 10.56.34 1WhatsApp Image 2024 03 14 at 10.56.31


Жаңа жыл-балалар мен ересектер үшін қуанышты ертегі. «Ertis» музейінде жаңа жылдық ертеңгілік өтті. Балалар оны асыға күтті: өлеңдерге, әндерге, билерге үйренді. Міне, көп күтпен күн де келді. Әсем безендірілген залда балалар ертегі кейіпкерлерімен және Аяз Атамен кездесті. Олармен бірге ән шырқады, ойнады, биледі. Аяз Атадан барлығы жаңа жылдық сыйлықтар алды.

IMG 0717IMG 0701 1IMG 0784


«Ertis» музейінде «Г. Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің палеонтологиялық коллекциялар каталогының» тұсаукесері өтті. Палеонтологиялық коллекциялар каталогы үлкен және қажырлы еңбектің нәтижесі болды. Ол палеонтолог мамандарға, өлкетанушыларға, тарих және биология оқытушыларына, студенттерге және Павлодар Ертіс өңірінің тарихына қызығушылық танытқандарға арналған. Таспаны салтанатты түрде кескеннен кейін іс-шараға қатысушылар мен қонақтарға каталогтар таратылды. Іс-шараның қонақтары тарихшылар, өлкетанушылар, археологтар, кітапхана өкілдері, Павлодар қ. ЖОМ және ЖОО оқытушылары болды.

WhatsApp Image 2023 12 21 at 19.10.50WhatsApp Image 2023 12 21 at 19.10.51WhatsApp Image 2023 12 21 at 19.10.53