Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Екібастұз тарихи-өлкетану музейінде ақын, философ, этнограф, ойшыл, тарихшы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 165 жылдығына орай «МәшһүрЖүсіп Көпеевтің қасиетінің сегіз қыры» атты тарихи сабағы өткізілді. Шараға Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шөбересі Шарапиев Абай Төлеубайұлы қатысып, арғы атасы жайлы қызықты жайттар мен оның ғажайып қасиеті жайлы әңгіме етті. Сөз соңында музей қорына «Мәшһүр Жүсіптің тылсым әлемі» атты кітабын тапсырды. «Шабыт» үйірмесі мен №25 қазақ қыздар гимназиясының оқушылары ақынның «Күн мен түн арасындағы айырмашылық», «Бес асыл», «Бала туралы», «Өлең және қара сөз ғибраты», «Бес қымбат» өлеңдерін оқыса, ақынға арнап өздері шығарған өлеңдерін ортаға салды: еңбек ардагері Қайролла Дүйсенбаев «Мәшһүр Жүсіп ата және біз», Гаухар Құрманшаравқызы «Мәшһүр атаға арнау». Кешті көркейте білген Естай атындағы балалар музыка мектебінің ұстаздары Алпыс Айбек пен Камитова Мунира «Балбырауын» мен Қорқыттың «Қоңыр» күйлерін орындады. Іс-шараға «Замандас» ардагерлер клубының өкілдері, ИнЕУ Жоғарғы Екібастұз колледжінің ДТ-123 тобының студенттері қатысты.

WhatsApp Image 2023 11 10 at 10.10.23WhatsApp Image 2023 11 10 at 10.13.07WhatsApp Image 2023 11 10 at 10.11.17

Екібастұз тарихи-өлкетаун музейінде 3 қараша ақын, импровизатор Тілеуке Құлекеұлының 275-жылдығына орай (халық арасында «Шал ақын») «Шал ақынның қазынасы» музейлік сабағы ұйымдастырылды. ИнЕУ Жоғарғы Екібастұз колледжінің ДТ-113 топ студенттері ақыннң ақындық мұрасымен танысып, топ белсенділері Шал ақынның туған жерге деген сүйіспеншілік туралы өлеңдерін оқыды.

WhatsApp Image 2023 11 03 at 12.23.36WhatsApp Image 2023 11 03 at 12.20.39WhatsApp Image 2023 11 03 at 14.40.37 1


WhatsApp Image 2023 10 30 at 15.32.54WhatsApp Image 2023 10 30 at 16.18.55 1WhatsApp Image 2023 10 30 at 16.18.54


2023 жылғы 24 қазанда «Ertis» музейінде Республика күніне орай «Егемен елдің еңсесі биік» атты дөңгелек үстел өтті.
Ата-бабаларымыз туған жерін қорғау және оны бізге, қазіргі ұрпаққа мұра ету үшін көптеген ғасырлар бойы қажет болды. Ауыр сынақтардан өткеннен кейін Қазақстан халқы соған қарамастан рухымен нығайып, өзінің бірлігі мен ынтымақтастығында күшейе түсті. Іс-шарада Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның материалдары (ХХ ғасырдың 20-50 жылдары) 17 Том: Павлодар өңіріндегі саяси қуғын-сүргін: халық трагедиясы. Құжаттар мен материалдар жинағы».кітабын ұсынды. Дөңгелек үстелдің қонақтары Павлодар қ. университеттерінің тарихшылары, тарих ғылымдарының кандидаттары, PhD докторлары, қаланың белсенді жастарының өкілдері және студенттер болды.

WhatsApp Image 2023 10 26 at 11.35.02WhatsApp Image 2023 10 26 at 11.35.14WhatsApp Image 2023 10 26 at 11.35.12


Республика күні мен Ақсу қаласы күні қарсаңында "Менім туған жерім", фотокөрмесінің ашылу салтанаты өтті. Сіз өзіңіздің туған жеріңізге деген сүйіспеншілікті әр түрлі жолмен айта аласыз, ал Ақсу қаласының талантты өнер адамдары мұны рухани және үлкен сүйіспеншілікпен жасайды, өйткені біздің өлкемізге берілген табиғи және рухани байлыққа бей-жай қарамау мүмкін емес. Көрмеде қызыл кілемде 15 фотограф өтті: А. Романов, С. Калюжная, Е. Жұмаділов, А. Нәжімиденов, Е. Чихичина, С. Лобков, А. Әміренова, А. Калиева, С. Шапорев, А. Күземшин, С. Өскімбаева, Е. Петрова, Д. Шевченко, О. Ковалев, Л.Иманбаева. Олар өз фотосуреттерінде туған қаласына, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін білдірді. Сондай - ақ, қонақтар қалалық маслихатының төрағасы М.Омарғалиев, "AMANAT" партиясы Ақсу қалалық филиалының төрағасы Б.Нұркенова, ардагерлер кеңесінің төрағасы З. Арынов, қалалық білім бөлімінің бас маманы А. Баженова, "Асыл-Мұра Ақсу" қоғамдық бірлестігінің басшысы Ш. Құсайынова қатыса отырып, фотографтарға шығармашылық табыс тілеп, естелік кәдесыйлар табыс етілді.

WhatsApp Image 2023 10 24 at 13.56.33WhatsApp Image 2023 10 24 at 13.56.37WhatsApp Image 2023 10 24 at 13.56.36


20 қазан Екібастұз тарихи-өлкетану музейі Естай атындағы балалар музыка мектебімен бірлесе көрнекті композитор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, әнші, ақын, импровизатор, Қазақстан Композиторлар Одағының алғашқы мүшелерінің бірі Естай Беркімбайұлының 155-жылдығына арналған «Арқада ән тербеген Естай ақын» атты оқушылар арасында облыстық дәстүрлі әншілер байқауын ұйымдастырды. Ән додасына Павлодар мен Екібастұз қалалары және Баянауыл мен Тереңкөл аудандарының жас өнерпаздары қатысты. Жас ерекшеліктеріне байланысты «Кіші топ» (9-12 жас) - 8 бала, «Үлкен топ» (13-15 жас) - 16 үміткер қатысып, өз топтары бойынша Бас жүлде, І, ІІ, ІІІ орындар, ақшалай сыйлықтар мен қатысқаны үшін алғыс хаттарға ие болды. Балаларды дайындаған ұстаздары да алғыс хаттармен марапатталды. Байқау демеушілері «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы, Екібастұз қалалық мәслихатының депутаты А.Иманкулов, Естай Беркімбайұлының ұрпағы, тілші Фархад Әміре.

DSC 6235DSC 5853DSC 5821


Ақсу тарихи-өлкетану музейінде балалардың сүйікті ақыны, көп қырлы талант иесі – Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына орай «Мұзафар Әлімбаев – балалар ақыны» атты квест-викторина өткізілді. Осы іс-шараға Абай атындағы мектеп оқушылары белсенді қатысып, ақынның шығармашылығынан өлеңдерін оқып, бейнежазба мен слайдттар арқылы өмірбаяны мен шығармашылығымен таныс болды.

123


Екібастұз тарихи-өлкетану музейінде Республика Күнін тойлау аясында Г.Н. Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейі қорынан ұйымдастырылған «Мәңгілік жаса, қыран елім» атты көрме ашылу салтанаты өтті. Көрме тұсау кесеріне Екібастұз қалалық маслихатының төрағасы Н.Макраев, Екібастұз қаласының құрметті азаматы Ж. Қоғабай, қолөнер шебері Р. Қоғабай, мүсінші Б. Қайнышева қатысты. Сондай-ақ көрмені ұйымдастырушылар – археолог, Г.Н.Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейінің палеонтология жәге археология, табиғатты қамтамасыз ету бөлім басшысы Георгий Юрьевич Пересветов, Д.П.Багаев мемориалдық мұражай үйінің бөлім меңгерушісі К.А.Шайдуллина, ардагерлер Кеңесінің өкілдері, тарих пәнінің мұғалімдері, Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері, №33 мектеп оқушылары қатысты.

Көрме 2023 жылдың 25 қарашасына дейін жалғасады.

WhatsApp Image 2023 10 19 at 13.50.02WhatsApp Image 2023 10 19 at 13.50.03WhatsApp Image 2023 10 19 at 13.50.11