Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

6 ақпан күні ардагерлер үйінде Абай Құнанбаевтың 175-жылдығының қарсанында «Абай тағлымы» атты керемет шығармашылық кездесу өтті.

Осы іс-шараға 1995 жылы Жидебайдағы Қарауылтөбедегі өткен ұлан-асыр тойға қатысушылар Ақсу делегациясының жетекшісі сол жылдары Ақсу қаласының әкімі Евгений Трусов, қалалық тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі С. Қондыкерова, киіз үйлермен асхананың жауапты бәйбишесі С. Құсаинова, көмекшісі А. Құсаинова, шаруашылыққа жауапты В. Храмов, әнші Р. Бектаев, Қ. Точинов шақырылды; сонымен қатар ардагерлер үйінің төрағасы З. Арынов, «Нұр ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Р. Сламбекова, №1, №2, №4, Жамбыл және Дөнентаев атындағы, Үштерек, Айнакөл орта мектеп ұстаздары мен оқушылары, Абай оқулары мен өлеңдерді мәнерлеп оқу сайысының жеңімпаздары, «Синяя птица» халық жастар театры қатысты. Айтулы шарада, көрерменге 1995 жылы бейнекамераға түсірілген мерейтой жаңадан цифрландырылған ретінде көрсетілді.

Е. Трусов Абай тойында өзіне арнайы берілген сыйлық Абайдың келбеті бейнеленген кілемшені және өзі түсірген бейнероликті, З. Пряникова М. Әуезовтың «Путь Абая» 2 томдық кітабын музей қорына тарту етті. Олар музейге тапсырылған өзіндік тарихи орны бар ерекше сыйлықтар болды.

«Синяя птица» халық жастар театры Абайдың «Искандер» поэмасынан үзінді театрландырылған көрініс паш етті. Оқушылар арасында ақын Абай Құнанбаевтың өлендері мен қара сөздерінен баттл өткізілсе, сонымен қатар, ұстаздар мен жастар бастамасын дамыту орталығының қызметкерлерімен әнші, киіз үйдің көркі болып қонақтарды қарсалған Р. Бектаевпен қосылып Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындады. Сондай-ақ, жиналғандар музей қорынан әкелінген хәкім Абайға байланысты экспонаттар, 150 жылдыққа арналған кәдесыйлар, кітаптар, журналдар көрмесі, өмірбаяндық слайдтарды т.б. тамашалады.

Осы мазмұнды кездесу барысында, іс-шараның ұйымдастырушы фототілші, өлкетанушы Жұмағали Сейтенов делегация мүшелеріне Абайдың 150-жылдығында түсірілген бейнероликтің жаңадан цифрландырылған дискіні естелік ретінде тарту етті. Кездесу өте керемет, сазды әуенге, жылы лебіздерге толы болып өтті және барлық осы іс-шара келген қатысушылар қосылып Абайдың «Көзімнің қарасы» әнімен аяқтады.

6 февраля в преддверии 175-летия Абая Кунанбаева в доме ветеранов прошла творческая встреча школьников и студентов «Абай тағлымы» с членами делегации Аксу на праздновании 175-летия Абая Кунанбаева в 1995 году в ауле Караултобе.

В данном мероприятии приняли участие Евгений Трусов, руководитель делегации (тогда аким города Аксу), заведующим отделом по развитию языков города С. Кондыкерова, хозяева «юрты» С. Кусаинова, А. Кусаинова, В. Храмов, певец Р. Бектаев, К. Точинов, а также председатель дома ветеранов З. Арынов, председатель общественного объединения «Нұр ана әлемі» Р. Сламбекова, победители конкурса Абаевских чтений учащиеся школ №1, №2, №4, Жамбылской и им. Донентаева, Уштерек, Айнаколь, народный молодежный театр «Синяя птица».

В ходе мероприятия был показан оцифрованный фильм, снятый в 1995 году празднования юбилея, фотослайд по творчеству Абая.

Е. Трусов передал в фонд музея видеоролик и подаренный в 1995 году ковер-портрет с изображением Абая, З. Пряникова книги в 2-х томах М. Ауэзова «Путь Абая». Народный молодежный театр «Синяя птица» предоставили театрализованное представление отрывок из поэмы Абая «Искандер», среди учащихся провели баттл «слов назиданий» и стихов Абая, читали стихи собственного сочинения, посвященные Абаю, сотрудники центра развития молодежных инициатив и учителя вместе с певцом Р. Бектаевым исполнили песню Абая «Желсіз түнде жарық ай».

Краевед, фотокорреспондент Жумагали Сейтенов вручил всем гостям на память оцифрованное видео о праздновании 175-летия Абая. Мероприятие закончилось масштабным исполнением песни Абая «Көзімнің қарасы».

А также была оформлена выставка предметов из фондов музея, посвященная 175-летию Абая. На выставке были представлены книги, журналы, сувениры.

IMG 20200206 WA0048 копияIMG 20200206 WA0060IMG 20200206 WA0052 копия