Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

43543642 537186246702983 1958906932706148352 n43585284 537185900036351 9079409393132371968 n44792223 537186706702937 1182224176681844736 n44821227 537185703369704 5992365137615388672 n44846135 537186433369631 9097483126615048192 n44852324 537186580036283 2352430794351312896 n

































 

Қазанның 25-сі ерекше күні болды. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламаны іске асыру шеңберінде, сонымен қатар «Туған елге тағзым» атты өлкетанулық-зерттеу экспедициясын өткізу мақсатында Талдықорған, Шымкент, Павлодар қалаларында орналасқан Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары мен оқытушылары арнайы сапармен Ақсу қаласына келді. Осы күні қонақтар Ақсу қаласы "Нұр Отан" партиясы филиалының конференцзалында бірінші орынбасары Г.Күлшариповамен кездесті. Ферроқорытпа зауытында, евроазияттық энергетикалық корпорациясында, қалалық кітапхана, балаларға арналған эко-техникалық орталығында және Ақсу тарихи-өлкетану музейінде қала тарихымен және киелі орындарымен танысты. Сонымен қатар, музейде қаланың Құрметті азаматы киномеханик Я.Коноваловпен кездесу өткізіп, қала туралы кинофильм көрсетілді. Жастар бастамаларын дамыту бөлімінің басшысы А.Рахимова және жастармен мемлекеттік рәміздер алаңында кездесіп, орталықтың жоспарларымен бөлісіп, сұхбаттасып, тәжірибемен алмасып керемет кеш өткізілді. Сапардың соңында қонақтарға арнайы сыйлықтар табыс етілді.