Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

GDS3sc8geYg21 – 22 қараша Екібастұз тарихи – өлкетану музейі бөлімшесінің басшысы С.Қ. Ордабаева және Шербақты тарихи – өлкетану музейінің басшысы Д.К. Смакова Қарағанды қаласында өткен Қарағанды облыстық тарихи – өлкетану музейінің 85 – жылдығына арналған «ХХІ ғасырдың музейі: музейлердің дамуындағы қазіргі замаңғы тенденциялар және перспективалар» атты республикалық ғылыми – практикалық конференциясына қатысты.
Конференцияға қатысуға музейлік мамандар мен Қазақстандық ғалымдар шақырылды. Павлодар облысынан қатысқан бөлімше басшылары музей ісінің қалыптасуы туралы «Екібастұзда музей ісінің дамуы» және Шарбақты ауданының тұрғыны, әулие, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шәкірті Ғабдул Уахит Хазреттің «Ғибратты ғұмыр» баяндамаларымен таныстырды.
Конференция қатысушылары үшін Долинка кентіндегі саяси қуғын сүргіндерге арналған музейге және Қарағанды тау – кен – индустриалды колледжіндегі музей – шахтаға экскурсия ұйымдастырылды.
Конференция жұмысы нәтижесінде үздік баяндама жасағандар және жұмысқа белсенді қатысқандарға ұйымдастыру комитетінен сертификат тапсырылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

nR8OGV96L44

s fGKzqX6aE