Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

sherbaktiПавлодар облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Г. Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Шарбақты тарихи-өлкетану музейі бөлімшесі.

Шарбақты тарихи-өлкетану музейі Шарбақты ауданы әкімінің 1996 жылғы 6 қыркүйектегі № 1-131р шешімі негізінде құрылды.  Есігін 2000 жылдың 1 қаңтарында ашты.

Музейде 5 зал бар (бір көрме және төрт экспозициялық).

Экспозициялық залдар ақпаратттар және фотоқұжаттармен көрсетілген Шарбақты ауданының құрылуы; тамырлы және көшіп келген халықтың материалды және рухани белгілерімен; Шарбақты ауылының даму тарихы, оның атақты тұлғалары, ауданның ірі деген «Победа», «Абай», «Болашақ» ЖШС, «Қарашаш» ШҚ, «Ертіс Орманы» орман резерватымен, Қазақстанға қоныс аударғандардың қайғылы тарих беттерінен  - саяси қуғын сүргін жылдарымен; Шарбақтылықтардың соғыс жылдарында тылға және Жеңіске енгізген еңбектерімен, тың және тыңайған жерлерді игеру жылдарында ауылшаруашылығы және өндірістің дамуымен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігінің қалыптасуы және тәуелсіз демократикалық мемлекеттің қалыптасуындағы Н.Ә. Назарбаевтың тарихи рөлімен таныстырады.    

Музейде барлық санаттағы келушілерге қазақ және орыс тілдерінде шолу және тақырыптық экскурсиялар, дәрістер және іс-шаралар өткізіледі.

2016 жылғы 1 қаңтарда музей қоры 5706 бірлікті құрады, оның ішінде негізгі қор – 3536 бірлік. Олардың арасында өте сирек кездесетін жәдігерлер бар: XІХ ғасырдағы Воронеж губерниясының әйел адам киімі, Аубакиров Уахит шебердің домбырасы, XХ ғасырдың басындағы тоқыма станогы және т.б.

Бұқаралық-ағарту жұмыстары жастардың Отанға, туған өлкеге деген  патриоттық сүйіспеншілігін тәрбиелеуге, аудан аумағында тұрып жатқан түрлі ұлттардың арасында тұрақтылық пен келісімді нығайтуға және Шарбақты ауданының танымал адамдарымен таныстыруға бағытталған: сабақтар мен экскурсиялар, дәрістер, кездесу кештер ынтымақтастықта болатын орта білім беру мектептері, аграрлы-техникалық колледжі және қоғамдық бірлестіктерімен ұйымдастырылады.

Баспа қызметінің үлкен маңызы бар. Музей «Участники Великой Отечественной войны Щербактинского района»,  «Біздің тарихымыздың жолдары», «Визитная карточка района», «Район – в котором мы живем», «Щербактинский историко-краеведческий музей», «Моя целина» альбомдары және кітапшаларын басып шығарды.

Павлодар облысы музейлерінің тұсаукесерлері, дәрістері; бейнелеу және қолданбалы өнер шығырмашылығы бойынша Шарбақты ауданы шеберлерінің көрмелері, жеке коллекциялар көрмелері өтетін көрме залы бар.

Музей қызметі Павлодар облысының мәдениет Департаментінің, Қазақстан халықтарының Кіші Ассамблеясының диплом және грамоталарымен айшықталынды. 2014 жылы Шарбақты музейі Ұлттық бизнес-рейтинг Одағының «Государственное предприятие года 2014» атты құрмет атағына ие болды.

Мекен-жай: Қазақстан  Республикасы,  Павлодар  облысы, Шарбақты ауданы, 141100,
Шарбақты ауылы, Советов көшесі 28, телефон/факс: 8(71836)22452
Электронды адрес: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Жұмыс кестесі: дүйсенбі – жұма сағат 9.00 - 18.00 дейін,
үзіліс сағат 13.00 - 14.00 дейін.
Сенбі-жексенбі сағат 10.00 – 18.00 дейін, үзіліссіз.
Бөлімше басшысы  Бухаидзе Александр Константинович 

sherbakti1 sherbakti2