Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

voinslavПавлодар облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының Г. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Әскери Даңқ  музейі бөлімшесі.

Әскери Даңқ музейі 2011 жылы Г. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының тарихи-өлкетану бөлімі ретінде құрылды.

Музейде 1 зал бар. Оның ішінде Ұлы Отан соғысының оқиғалары көрсетіледі. Ғасырлар бойы мыңдаған соғыс өрті лапылдап, сол ұрыстардың ішіндегі ең сұрапыл, ең қатал болғаны Ұлы Отан соғысы.  Ана жарын жоғалтып - жесір, бала ата – анасынан айырылып - жетім атанып, фашистердің тұтқын лагерлерінде қаншама адам азапталды. Сұрапыл соғыста қасық қаны қалғанша майданнан еліне қайтпай қалған боздақтар қаншама!

 Біздің музейімізде соғыс тарихына саяхат жасап, сол замандағы қару жарақты,фотосуреттер мен суреттерді, медаль мен ордендерді, сарбаздардың хаттарын, жеке заттарын көруге болады.  

 Музейімізде белсенді азаматтарымыздың әрекеттеріне қорытынды жасалып, соғыс тақырыбына арналған «Жеңіс туын желбіреткен Ә.Баймолдин», «Майданның естелік газеттері», «Елінің айбатты сарбазы», «Майдандағы қыздардың ерліктері» естелік кештері, «Ердің ерлігі ұмытылмас!», «Сен, мәңгі естесін, жауынгер!», «Сұрапыл соғыс қасіреті»  көрмелері, «Естелік шырағы» митингі,  «Мәңгі есте сақталады!» акциясы, тақырыптық конференциялар, семинарлар, ақпараттық концерттер, дәрістер өткізіліп, экспозициялар жаңартылады.

 2009 жылы бастау алған «Майдан жолы» ізденіс экспедициясы  жыл сайын ұйымдастырылады. Ай сайын даңқты жерлестеріміз жайлы  «Өлкеміздің әскери тарихы беттерінен» атты радиохабарлама беріледі.

Мектеп оқушыларына арналған  ғылыми зерттеу жұмыстарына қажетті кеңестер беріліп, «Музей әлемі» сабағы өткізіледі. Бұл әдістемелерді оқушылардың соғыс тақырыбындағы дүниетанымын кеңейту үшін тарих сабағында қолдану мүкіндігі бар.

Мекен-жай: Қазақстан  Республикасы,  Павлодар  облысы 140000
Павлодар қаласы, Олжабай батыра көшесі 40/1
тел.: 8(7182)621394
Электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Жұмыс кестесі дүйсенбі – жексенбі сағ.  9.00 -18.00 дейін үзіліссіз
Бөлімше басшысы Искаков Абай Манатович 

IMG 0002 IMG 0014

IMG 0022

см.фото

Виртуальный тур