Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

IMG 6643

Ақпан революциясынан соң 1917 жылы көктем мен жаз мезгілдерінде Қазақстанда саяси партиялардың оянуы, жұмысшы және жастар ұйымдары серпін ала бастайды. Бірінші жалпы қазақтық съезінде ұлттық қазақ партиясын құру туралы шешім қабылданды. Партияның бағдарламасы Қазақ газетінде басылып шыққан, оның мазмұның Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, А.Байтұрсынов құрастырды, ол 10 параграфтан турды. Партия басшысы болып Ә.Бөкейханов сайланды. Көрмеде «Алаш Орда» партиясын қолдаған біздің жерлестеріміздің фото суреттері көрсетілген. Олардың бірі ақын, демократ, қоғам қайраткері С.Торайғыров. тағы бір жерлесіміз Баянауылда туған Жүсіпбек Аймауытов. Екі жерлесіміз де «Алаш Орда» үкіметін қолдап, «Алаш-Ұраны» атты әнұранның сөзін жазады.    

1941 жылы 22 маусым таңғы сағат 4-те фашистік Германия әскерлері соғыс жарияламастан бейбіт жатқан еліміздің шекарасына қалалар мен ауылдарды бомбылады. Осылайша ҰОС басталды. Осы оқиғаға орай қалалық паркте митинг болып, көптеген адамдар өз еркімен майданға аттанды. Павлодар облысының аумағынан майданға 48700 адам аттанды ал соғыс аяқталған кезде 22000 адам үйге оралмады.

«Алғашқы тың игерушінің тұрмысы» инсталляциясында сол кезеңгі тән тұрмыс заттары қойылған. 1958 жылы Павлодар облысы мемлекетке 155 пуд бидай берген үшін Ленин ордені табысталды. Даңқы жерлестеріміз, белгілі ғылым, әдебиет және мәдениет қайраткері Павлодар облысын бүкіл әлемге танытты. Қазақстан ғылым академиясының негізін қалаушы, академик Қ.И.Сәтбаев планеталық масштабтағы ғалым. Экспозицияда белгілі жерлестеріміздің фотосуреттері, олардың ғылыми, әдеби еңбектері, жеке заттары қойылған.

IMG 6644 IMG 6647