Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Музейдің негізгі экспозициясы сәулет ескерткіші болып табылатын Ленин көшесіндегі ғимаратында орналасқан. 1890 жылдары салынған. Мұнда бірінші гильдияғы көпесі А. Деровтың сауда үйілері орналасқан. Әкімшілік, ішкі бөлімдер ғимараттың екінші қабатында - бұрынғы пошта-телеграф конторасында орналасқан. Негізгі қор Ленин көшесі 129 үйдегі сәулет ескерткіші болып табылатын ғимаратында орналасқан.

Экспонаттар саны – 112270

Қызметкерлер саны – 115

Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі "Қазақстанды зерттеу қоғамының" облыстық бөлімшесі негізінде 1942 жылы құрылған. 1959 жылы оған саяхатшы, Орта Азияны зерттеуші Г.Н.Потанин аты берілді. Музейдің негізін қалаған фотограф, өлкетанушы Дмитрий Поликарпович Багаев. Музей экспозициясы өлкеміздің тарихы мен мәдениетін ашатын 12 залда орналасқан. Ғылыми кітапхана, алты филиал: Д.П.Багаевтың мұражай-үйі,  Майра Шамсутдинова атындағы ән өнер шығармашылығы музей-үйі, Әскери Даңк музейі, КМҚК « Екібастұз тарихи-өлкетану музейі», КМҚК « Ақсу тарихи өлкетану музейі», КМҚК « Шербақты тарихи-өлкетану музейі». Аспан астындағы музей жұмыс істейді.

Музей қоры музей қызметінің ғылыми көрсеткіші және ерекше мақтанышы болып табылады. Музей қорының топтамасы жылдан жылға көбейіп, олардың ғылыми өңдеуі жетілдіруде. Музей қорында жүз мыңнан астам негізгі қорға жататын экспонаттары бар.

Музей жинақтарының негізін археологиялық, палеонтологиялық, этнографиялық, нумизматикалық, фотосуреттік, құжаттық, жаратылыстану-ғылыми, өндірістік, қару-жарақтар топтамалары құрайды.

Дәрістік және экскурсиялық жұмысымен қатар музей республикалық музейлер қорларынан, өз қорынан көрмелер ұйымдастырады. Ғылыми-практикалық конференциялар, халықаралық және аймақтық семинарлар, жыл сайын «Потанин оқулары» шебер-кластар, өлкетану сабақтары, дәріс-концерттер, шығармашылық кештер ұйымдастырылады.

Облыстық тарихи-өлкетану музейі Павлодар Ертіс өңірін зерттеу бойынша археологиялық және этнографиялық экспедициялар жүргізеді.

ҚР-ның Тұңғыш Президентінің Музейі (Астана қ.), ҚР-ның алтын музейі (Астана қ.), Мемлекеттік тарихи-өлкетану музейі (Омбы қ.), РҒА Сібір бөлімшесінің археология және этнография институты, Ә. Марғұлан атындағы археология институты, Мемлекеттік Орталық музейі, Көкшетау, Қарағанды, Өскемен қалаларының өлкетану музейлері біздің серіктестеріміз болып табылады.